Комплаенс-бақылаушы

Құрметті «Коммеск-Өмір» СК» АҚ клиенттері!
 
«Коммеск-Өмір» СК» АҚ комплаенс-бақылаушысы- Айдын Асқарұлы Мұқашевтің ресми жад бетіне хош келдіңіздер.
 
Біздің компаниямызда компанияның комплаенс-қауіптермен, яғни, Қазақстан Республикасының заңнамасын, соның ішінде құзыретті органның нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар компанияның ішкі ережелері мен рәсімдерін орындамауы салдарынан пайда болған шығындардың (залалдардың) қауіптерін басқару мақсатын көздейтін комплаенс атқарымы енгізілген.
 
Комплаенс атқарымын жүзеге асыру, компания қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына, сонымен қатар компанияның ішкі ережелері мен рәсімдеріне сәйкестігіне ішкі бақылау жүргізу айрықшы құзыретіне кіретін комплаенс-бақылаушыға жүктелген.
 
Енді сіздердің әрқайсыларыңыз компанияның және оның қызметкерлерінің қызметінде кездесетін ҚР заңнамаларын, оның ішінде ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін, компанияның ішкі нормативтік құжаттарын, этикалық нормаларды бұзу деректері туралы хабарлау үшін тікелей комплаенс бақылаушыға
e-mail арқылы жүгіне аласыздар: A.Mukashev@kommesk-omir.kz