02 Қарашаның 2022

Сақтандырушы-сатып алушыны таңдау туралы хабарландыру

«Коммеск-Өмір» Сақтандыру компаниясы» АҚ, «Коммеск-Өмір» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ болып өзгертілді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 22.01.2019 ж. берген «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына №2.1.63 Лицензия, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қ., Наурызбай батыр көш., 19, тел.+7 (727) 244 74 00, +7 701 244 74 00, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 ж. № 262 қаулысының талаптарын орындау үшін «Коммеск-Өмір» СК» АҚ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, оның ішінде қолданылу мерзімі өткен, олар бойынша «Коммеск-Өмір» СК» АҚ сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар, қайта сақтанушылар) алдында міндеттемелері болатын немесе болашақта міндеттемелердің туындау ықтималдығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған тәуекелдер бойынша «Коммеск-Өмір» СК» АҚ міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін сатып алушы-сақтандырушыны таңдауы туралы хабарлайды.
«Коммеск-Өмір» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 01 қарашадағы шешімімен №47 хаттама «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандырушы ретінде «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ таңдалды.
«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 ж. №262 қаулысымен белгіленген барлық критерийлерге сәйкес келеді.
2022 жылғы 01 қарашадан бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау мәселелері бойынша сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандырушыға – «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ға төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша жүгіну қажет.
«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 06.02.2019 ж. берген №2.1.65 «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қ., Мыңбаев көш., 151, «VERUM» Бизнес орталығы, тел.: +7 (727) 259-77-55, +7 707 003 77 55, +7 771 932 77 55, +7 778 003 77 55, www.cic.kz.