31 Қазанның 2022

Алдағы сақтандыру портфелін беру туралы сақтанушыларға (пайда алушыларға) ХАБАРЛАНДЫРУ

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-1-бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 ж. №262 қаулысының, Директорлар кеңесінің 2022.10.28 шешімінің негізінде №45 хаттама,  «Коммеск-Өмір» Сақтандыру компаниясы» АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 22.01.2019 ж. берген «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына №2.1.63 Лицензия, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қ., Наурызбай батыр көш., 19, тел.+7 (727) 244 74 00, +7 701 244 74 00, сақтандыру саласының «жалпы сақтандыру» саласына өзгеруіне байланысты, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, оның ішінде қолданылу мерзімі өткен, олар бойынша «Коммеск-Өмір» СК» АҚ сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар, қайта сақтанушылар) алдында міндеттемелері болатын немесе болашақта міндеттемелердің туындау ықтималдығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған тәуекелдер бойынша «Коммеск-Өмір» СК» АҚ міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелінің келесі сақтандыру түрі (сыныбы) бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беру туралы хабарлайды: 
1. ерікті түрде:
1) жазатайым оқиғалардан сақтандыру;
2) ауру жағдайына сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) теміржол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру;
9) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
10) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
12) кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;
13) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағы 9), 10), 11), 11-1) и 11-2) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
14) қарыздарды сақтандыру;
15) басқа қаржылық шығындардан сақтандыру;
16) сот шығындарын сақтандыру.
2. міндетті түрде:
1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
2) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
3) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
4) экологиялық сақтандыру.
3. қайта сақтандыру қызметі.
Сақтандыру портфелін берудің басталуы 2022 жылдың 01 қарашасы. Сақтандыру портфелі берілетін сақтандырушы-сатып алушыны таңдау туралы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспа басылымында, қазақ және орыс тілдерінде және «Коммеск-Өмiр» СК» АҚ интернет-ресурсында хабарландыру жариялау арқылы қосымша хабарланатын болады.
Сондай-ақ, «Коммеск-Өмiр» СК» АҚ компанияның барлық органдарының өкілеттіктері шектеусіз өзгеріссіз қалатынын хабарлайды.
Сақтандыру шарттарын беруге келіспеген жағдайда сақтанушылардың қарсылықтары жазбаша нысанда, бас кеңсенің орналасқан жері бойынша: Алматы қ., Наурызбай батыр көш., 19, осы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде беріледі.
Осы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының (қайта сақтанушының) жазбаша қарсылығының болмауы сақтанушының (қайта сақтанушының) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беруге келісімі ретінде қаралады.
Сақтанушының (қайта сақтанушының) кепілдік берілмейтін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығын алған жағдайда, осы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бұзылады.
Қайта сақтандыру бойынша сақтандыру портфелін беру қайта сақтанушының (цеденттің) осындай беруге келісімі болған кезде ғана жүзеге асырылады.