28 Қазанның 2022

Клиенттер үшін хабарландыру

 
Құрметті «Коммеск-Өмір» Сақтандыру компаниясы» АҚ клиенттері!
 
03.10.2022 ж. Компания акционерлері «жалпы сақтандыру» саласы бойынша Компанияның атауын, сақтандыру саласын өзгерту және сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылдады.
Акционерлердің шешімін іске асыру нәтижесінде Компанияның атауы «Коммеск-Өмір» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ болып өзгертіледі, Компанияның өзі «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын болады. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру портфелі «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын жаңа сақтандырушыға берілетін болады.
Сақтандыру саласын өзгерту іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Компанияның сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру кезеңінде қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, Компания жауапкершілігінің көлемін ұлғайтуды көздейтін олардың өзгертілуін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады.
Бұрын жасалған барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Компания сақтандыру портфелін «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын жаңа сақтандырушыға бергенге не оларды мерзімінен бұрын бұзғанға дейін өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындайтын болады.
Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, «Коммеск-Өмір» СК» АҚ 2022 жылғы 28 қазаннан бастап «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру шарттарын жасасудың тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
Қажет болған жағдайда:
- сақтандыру шартын жасасу үшін Сіз Коммеск-Өмірдің еншілес компаниясы болып табылатын «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ға немесе «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын өзге сақтандыру ұйымына жүгіне аласыз;
- қолданыстағы сақтандыру шартына өзгерістер енгізу ұшін Сіз Компанияның сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандырушының таңдауын күте аласыз немесе шартты бұза аласыз.
Сақтандыру портфелін алдағы уақытта беру және сақтандыру портфелі берілетін сақтандырушы-сатып алушыны таңдау туралы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспа басылымында, қазақ және орыс тілдерінде және «Коммеск-Өмiр» СК» АҚ интернет-ресурсында хабарландыру жариялау арқылы қосымша хабарланатын болады.
 
Басқарма Төрағасы
Ханин О. А.