29 июл 2019

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындыларына шолу

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындыларына шолу
Трендтер
Артқа – офлайнға ма?
2019 жылдың басынан бастап қазақстандық автокөлік иелері үшін онлайн-автосақтандыру, яғни, клиенттердің 10% дейін шегерім алуы мүмкіндігімен құжатсыз электрондық полис ресімдеу секілді тағы бір цифрлық қызмет қолжетімді болды. Жылдың алғашқы бес айының ішінде, сақтандырушылардың айтуы бойынша, онлайн-сатылымдар өсім келе жатқан трендті байқатты. 
Мысалы, жылдың басынан бастап, «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясының сайт арқылы онлайн ресімделген көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 24,3 млн теңгеден асты.
Алайда, мамыр айының соңынан бастап, аталған қызмет пайдаланушылар үшін қол жетпейтін дерлікке айналды. Проблема ол арқылы мемлекеттік деректер базаларымен (МДБ) байланыс жүзеге асырылатын арнаның өткізу қабілетінің төмендеуінен және, соның салдары ретінде, МДБ байланыстың жоқ болуынан тұрады. Ағымдағы жылдың шілде айының аяғына қарай бұл мәселе сол күйі ашық болып қала беруде. Бүгінгі таңда сақтандырушылар бұл проблеманы клиент сайт арқылы тіркеген құжаттардың сканерленген көшірмелерін қолдан тексерудің көмегімен шешуге талпынуда. Сонымен қатар, клиенттер үшін полисті үйге немесе жұмысқа тегін жеткізу қызметі бұрынғысынша сұранысқа ие.
 
Жылдам төлемдер
Жол-көлік оқиғалары бойынша сот өндірісін оңайлату, сақтандыру төлемін алуды тездету және созбаға салуға жол бермеу мақсатында, ҚР Жоғарғы Соты «Түнгі сот» пилоттық жобасын іске қосты. Мәселен, жобаның шеңберінде сақтандыру компания судьяның эьө цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ЖКО бойынша сот қаулыларының электрондық көшірмелерін қабылдайды.
Төлем мерзімдерін тездету және сақтандыру төлемін алу процесін оңтайландыру үшін, «Коммеск-Өмір» компанияның уәкілетті қызметкерлеріне соттардың қаулыларын өз бетімен алуға мүмкіндік беретін «Сот кабинеті» электрондық жобасымен қызу жұмыс жасайды. Клиенттерге енді қаулыларды алу үшін сотта кезекте тұрудың қажеті жоқ.
 
Сақтандыру секторын 2025 жылғы дейін дамыту жол картасы жобасы
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында сақтандыру қоғамдастығы сақтандыру саласын қарқынды дамытуа және бәсекеге қабілетіне, тұтынушылардың тарапынан сақтандыруға деген қызығушылықты арттыруға және сақтандыру секторының экономикадағы рөлін күшейтуге болысуға арналған Сақтандыру секторын 2025 жылғы дейін дамыту жол картасы жобасын әзірлеуге белсене ат салысты.
Тармақтардың бірі КҚИ АҚЖ міндетті сақтандыру тарифтерінің өсіп келе жатқан залалдылығы мен негізділігі мәселесіне арналған. Бұл өмірге және денсаулыққа келтірілген зиян үшін сақтандырушының жауапкершілігі лимиттерінің жоғарылатылуымен, сондай-ақ сақтандыру оқиғасы бойынша шектеулерді алынып тасталуымен байланысты. Мәселен, 2018 жылғы 15 шілдеден бастап, КҚИ АҚЖ МС шарты сақтандыру оқиғасы орын алған кезде өзінің қолданысын доғармайды (бұрын – бірінші сақтандыру оқиғасына дейін), ал сақтандыру сомасы азайтылмайды. Сондай-ақ Еурохаттаманы енгізу туралы мәселе кезекті рет көтерілуде. Сарапшылардың болжамдары бойынша, жоғарыда көрсетілген өзгерістер КҚИ АҚЖ МС класы бойынша залалдылықты шамамен 15-25% жоғарылатуы мүмкін. Алайда, тарифтердің 2007 жылдан бері өзгеріссіз қалып келе жатқанына қарамастан, заңнамалық деңгейде оларды көтеру туралы әңгіме қозғалмайды.
Ең бұқаралық класты – КҚИ АҚЖ міндетті сақтандыруды жетілдірудің шеңберінде, заңды тұлғалардың атынан іс-әрекет ететін жүргізушілердің сақтандыру оқиғаларын ескере отырып, «бонус-малус» коэффициентін есепке алу және есептеу әдісін қайта қарау ұсынылады. Бүгінгі таңда «бонус-малус» тек жеке тұлғалар үшін шарттарды ресімдеу кезінде қолданылады, алайда, ЖКО басым пайызы заңды тұлғалардың қызметкерлері болып табылатын жүргізушілерге түседі. Солай болса да, мұндай сақтандыру оқиғалары «бонус-малус» коэффициентіне ықпал етпейді. Тиісінше, олар үшін сақтандырудың құны, ол жеке тұлғалармен орын алатындай, ЖКО кейін ұлғайтылмайды.
Сондай-ақ Жол картасы жобасында шаралар кешені анықталған, олардың қатарында азаматтың ажалы жағдайында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырудың мерзімдік механизмін енгізу бар.
 
Жобада оны келесі бағыттар бойынша енгізу жолымен міндеттелген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды әрі қарай дамытуға көңіл бөлінген:
- адамдардың топпен жүру (АТЖ) объектілерінің иелері АТЖ жататын объектілер тізімін анықтау қажеттілігімен;
- медициналық ұйымдар мен медициналық жұмыскерлердің кәсіби жауапкершілігі;
- адвокаттар, бағалаушылар;
- жалға берушілер;
- құрылыс-монтаждау жұмыстары (жобалау сатысынан іске пайдалануға тапсыруға дейін);
- жүктерді тасымалдаушылар және басқалары.
Бизнес үшін міндеттелген сақтандыру үшінші тұлғалардың алдында өзінің мүліктік міндеттемелерін орындаудың кепілгері, сақтандырушылар үшін – өсу үшін межелі нүкте болуға қабілетті.

  Туристерді міндетті сақтандыру
Өкінішке қарай, туристерді міндетті сақтандыруды реттейтін қабылданған заң өтелетін тәуекелдер мен шегіністер жөніндегі мәселелерді шешусіз қалдырды. Бүгінгі таңда бұл класс бойынша тек алты сақтандырушы жұмыс істейді.
 
Жол картасы жобасында сақтандыру алаяқтығына қарсы күрес және осы салада БСДБ жетілдіру туралы мәселе көтерілген. Сақтандыру нарығының отыз жылға жуық уақыттың ішінде қалыптасуына қарамастан, оның экожүйесінде әлі күнге дейін сақтандыру алаяқтығына қарсы күрес жөніндегі инфрақұрылымдыө институттар құрылмаған. Сақтандырушылардың пікірі бойынша, бұл жерде Бірыңғай сақтандыру деректері базасының функционалы және жинақталған статистикасы тамаша шешім бола алар еді. Мысал үшін, алаяқтардың бірнеше сақтандыру компаниясынан сақтандыру төлемдерін алуына жол бермеу үшін, БСДБ сақтандыру оқиғалары бойынша сәйкестіктерді анықтау функционалық іске асыру қажет. Сақтандыру алаяқтығымен тиімді күресу мақсатында ҚР Қылмыстық кодексіне, «Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» бөліміне «Сақтандыру саласындағы алаяқтық» бөлек қылмыс құрамын енгізу ұсынылады. Сақтандыру алаяқтығымен күрес тақырыбы бүкіл әлемде өршіп тұр. Мәселен, сарапшылардың бағалары бойынша, әлемде сақтандыру компанияларының жыл сайынғы ысыраптары қарсы күрес құралдарының жетілмегендігінің және осал заңнамалық базаның нәтижесінде алаяқтар заңсыз алатын жүздеген миллиард долларға бағаланады. Бұл жалпы алғанда сақтандырудың дамуына теріс әсер етеді.
 
Өмірді сақтандыру бойынша компаниялар (ӨСК)
Өмірді сақтандыру бойынша компанияларды дамыту бөлігінде Жол картасы жобасында келесі ұсыныстар тұжырымдалған:
– бірлескен зейнетақылық аннуитетті енгізу, ол ерлі-зайыптылардың екеуінің де зейнетақылық қорланымдарын біріктіруді және табыстарды әйелдің пайдасына қайта бөлуді жорамалдайды, өйткені, көбінесе әйелдердің зейнетақылық аударымдарының сомалары еркектерге қарағанда төменірек, ал ғұмырының ұзақтығы көбірек. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың бірлескен зейнетақылық аннуитеті олардың біреуі қайтыс болған жағдайда, аннуитеттің екінші бөлігін мұраға алуға мүмкіндік береді. 
– ӨКМ мемлекеттің білім беру депозиттерін 5% - 7% демеуқаржыландыруынан тұратын және екінші деңгейдің банктерімен ынтымақтастыққа негізделетін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуы.
Көп жылдар бойы ӨКМ үлкен проблемасы классикалық жинақтауыш өмірді сақтандырудың дамымағандығы болып қалып келеді, бұл әлеуетті клиенттердің ұзақ мерзімді инвестицияларға деген белгілі бір сенбеушілігімен түсіндіріледі. Дегенмен, бұл класс әр түрлі жағдаяттар кезінде: жазатайым оқиғаның немесе аурудың нәтижесінде табыстан айырылу кезінде; асыраушыдан айырылу жағдайында; балалардың біліміне қор жинау; кәрілікке қамтамасыздық және басқасы кезінде жақсы қорғау құралына айналуы мүмкін.
Өмірді сақтандыру бойынша компаниялар үшін енді бір маңызды мәселе жұмыс берушілердің жұмыскер еңбек (қызмет) міндеттерін атқаруы кезінде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңнаманы сақтамауы және мемлекеттік органдардың тарапынан оның сақталуын бақылаудың төмендігі болып қалып отыр.

  МӘМС
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мыналарды әзірлеген:
- Тегін медициналық жәрдемнің кепілді көлемінің тізбесі;
- МӘМС жүйесіндегі медициналық жәрдемнің тізбесі.
Сонымен қатар, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасымен үш деңгейлі жүйені (ТМЖКК, МӘМС ЖӘНЕ ЕМС) көзделген. Сөйтіп, жеке сақтандыру компанияларын медициналық қамсыздандыру жүйесіне қатысуға тарту жоспарлануда.
 
Цифрлар
Сақтандыру сыйлықақылары
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР сақтандыру нарығының сыйлықақыларының көлемі 255 млрд теңгені құрады, 2018 жылдың баламалы кезеңіне қатысты өсім – 20%. Бұл орайда міндетті сақтандыру бойынша сыйлықақылардың сомасы 55 млрд теңге, өсім – 1%, ерікті жеке сақтандыру бойынша 96 млрд теңге, өсім – 57%, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 104 млрд теңге, төмендеу 7,6%.

Жалпысақтандыру компанияларының нарығы 169 млрд теңге сыйлықақылар көлемімен оң динамиканы көрсетті, ұлғаю - 6%.
Сақтандыру төлемдері сақтандыру нарығы бойынша жиынтықта 75 млрд теңге құрады, өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда ұлғаю 53% құрады. Соның ішінде, міндетті сақтандыру бойынша төлемдер көлемі 17,2 млрд. теңге, ұлғаю - 12%, ерікті жеке сақтандыру бойынша 21 млрд теңге, өсім – 27%, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 36,6 млрд теңге, ұлғаю - 117%.
Негізгі сақтандыру кластарының қимасында төлемдердің өсуін КҚИ АҚЖ міндетті сақтандыру көрсетті – 14,5 млрд теңге төлемдер көлемімен 19%, ауру жағдайына ерікті сақтандыру – 12 млрд теңге төлемдер көлемімен 37%.
Жалпы алғанда сақтандыру нарығы бойынша сақтандыру төлемінің орташа мөлшері өсті, мәселен. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін КҚИ АҚЖ міндетті сақтандыру бойынша ол 384 353 теңгеге тең, АвтоКАСКО бойынша – 560 480 теңге, 2018 жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 365 107 теңге және 483 447 теңге құрады.
Жалпы көрсеткіштер
Сақтандыру компанияларының активтері тұңғыш рет бір триллион теңгеден асты және 13% өсті, үлестірілмеген табыс 35,5 млрд теңге құрады (азаю - 20%). Ұстап қалудың өзі 82% дейін өсті, 255 млрд теңгеден 209 млрд теңге қайта сақтандыруға табысталды.

  «Коммеск-Өмір» СК көрсеткіштері
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында компанияның сақтандыру төлемдерінің көлемі 6,2 млрд теңгеден асты, 2018 жылдың баламалы кезеңіне қатысты өсім 9,4%; сақтандыру төлемдерінің көлемі 2,2 млрд теңгеден асты, өсім – 9,7%; активтер 19,7 млрд теңгеден асты (өсу 15%), сақтандыру резервтері – 9,5 млрд теңге (өсу 30%), меншік капитал – 9,2 млрд теңге (өсу 2,7%).