29 янв 2019

ҚР сақтандыру нарығы - 2019: тенденциялар мен сын-тегеуріндер

ҚР сақтандыру нарығы - 2019: тенденциялар мен  сын-тегеуріндер
САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕР
Қазақстан Республикасының  сақтандыру нарығы  2018 жылдың қорытындысы бойынша   385 млрд теңге көлемінде  сақтандыру сыйлықтарын жинады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 4 пайызға көп. 
            Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықтарының көлемі  102 млрд теңгеге жеткен, 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда  өсім 23 пайызды құрап отыр. Ал ерікті жеке сақтандыру– 131 млрд теңге, өсім 30%, ерікті  мүліктік сақтандыру  бойынша – 151 млрд теңге, бұл көрсеткіш  12 пайызға төмендеген. 
Қайта сақтандыруға берілген  сақтандыру сыйлықтары көлемі  90 млрд теңге болды, бұл  бүкіл сақтандыру сыйлықтары көлемінің  23 пайызы. Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге  қайта сақтандыруға  сақтандыру сыйлықтарының 20 пайызы берілген. 
2018 жылы  сақтандыру төлемдерінің  жалпы көлемі  95 млрд теңге болған,  бұл 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7 пайызға көп. 
Сақтандырудың ең бұқаралық түрі – Көлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша  төлем көлемі  2017 жылмен салыстырғанда  68 мыңнан 60 мыңға дейін қысқарған. Бұл ретте  орташа төлем 343 мың  теңгеден 368 мың теңгеге дейін өскен.  
Сақтандыру секторы активтерінің көлемі  1 триллион  теңгеден асып түсіп, 13 пайызға көбейген. Міндеттемелер  13 пайызға , 580 млрд теңгеге дейін өскен. Сақтандыру резервтері  көлемінің өсімі  - 13 пайыз, яғни 519 млрд теңгеге  көбейген.  Жеке капитал – 468 млрд теңгеге жеткен, өсім – 14 пайыз. 
 
«КОММЕСК-ӨМІР» СК»  КӨРСЕТКІШТЕРІ
2018 жылы   «Коммеск-Өмір»  сақтандыру компаниясының  сақтандыру сыйлығы 11 млрд теңгені көрсеткен, өсім  50%. Өткен жылы  міндетті сақтандыру бойынша  сақтандыру сыйлықтары 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  109 пайызға  көбейген,  яғни  6 млрд. теңгені құраған. Көлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша  сыйлықтардың  көбеюі  есебінен өсім - 3 млрд теңге. Ерікті жеке сақтандыру бойынша  сақтандыру сыйлықтарының сомасы 31 пайызға өсіп, 1 млрд теңгеге жеткен, яғни  ерікті медициналық сақтандыру портфелінің  өсімі есебінен  32 пайызға артқан. Ерікті мүліктік сақтандыру  бойынша сақтандыру сыйлықтары  3 млрд теңге көлемінде болған, бұл 2017 жылғы көрсеткіш деңгейінде сақталған. 
Компанияның  2018 жылғы  сақтандыру  төлемдерінің көлемі  3,7 млрд теңгеден асқан,  2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім - 73%. Міндетті сақтандыру бойынша төлемдер  2 млрд теңгеден асқан,  өсім - 74%, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 551 млн теңге, өсім - 61%,ерікті мүліктік сақтандыру бойынша  – 1,2 млрд теңге,яғни 77 пайызға өскен,  мүлікті сақтандыру бойынша  ірі төлем жасалған. 
    2019 жылдың 1-қаңтарына  қарай компанияның активі 22 млрд теңгеден асқан (өсім - 36%), сақтандыру резерфтері – 7,6 млрд теңге ( өсім - 33%), жекеменшік  капитал – 10,1 млрд теңге (өсім -  17%).
2018 жылы A.M. Best халықаралық рейтинг агенттігі   «Коммеск-Өмір» СҚ»АҚ рейтингін  көтерді  –  қаржылық тұрақтылық рейтингі C++ тен  B-ға дейін және эмитенттің  ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі   "b+” тен  "bb-”ға дейін. Рейтингтер болжамы «ТҰРАҚТЫ».
2018 жылдың соңына қарай «Коммеск-Өмір»  соңғы жылдары  компанияда болған өзгерістерді сипаттайтын өзінің  жаңарған брендін ұсынды. Ребрендинг компания қызметінің  соңғы  үш онжылдығы аясында тұңғыш рет жасалды.  Жаңа логотипте бейнеленген   визуалды шешім шексіздікті сипаттайды және шексіз құрметтің, махаббаттың, қауіпсіздіктің, қолдаудың концептімен үйлес,үндес. Ашық  шырынды   түстер, корпоративті Kommesk атауының қысқа да нұсқалығы  және оның  заманауи қаріппен берілуі болашаққа,жаңашылдыққа  жетелейді. Мұның өзі  компания клиенттерінің болашаққа деген нық сенімін қалыптастырады. «Коммеск-Өмір»-дің  барлық үздік сипаттары мен өнегелі құндылықтары  сақталған әрі оның қызметіне белсенді  қолдау білдірілуде. 
 
ЭЛЕКТРОНДЫ ПОЛИС: АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕР
Естеріңізге саламыз: 2019 жылдың 1-ші  қаңтарынан бастап  Қазақстанда  онлайн-сақтандыру енгізілді. Бұл  сақтандырудың халық арасында жаппай  танымал,көпшілікке мәлім түрі  – Көлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша  да қолданылады.Соңғы жылдарда сақтандыру нарығында енгізілген ең үлкен масштабты технологиялық жаңалық. Қазіргі кезде бейімделу  кезеңі өтіп жатыр,  онлайн-режимде  мәліметтер базаларымен  үндестік барысындағы кемшіліктер мен өзекті деген мәселелер сұрыпталып, қалыпқа келтіріліп,бір ізге түсірілуде.
Бірқатар бағалауларға  қарағанда,  онлайн-сақтандыруды  жүзеге асырудың алғашқы жылында  оның жалпы көлемдегі үлесі  3-5 пайыздан аспайды, алайда, акцент бәрібір бірте-бірте онлайнға ауа  бастайтын  болады. 
2019 жылғы қаңтар айы барысында  «Коммеск-Өмір»-дің онлайн-сақтандыру бойынша  сақтандыру 2 млн. теңгеден асып кетті. Клиенттер арасында ерлер үлесі - 76%, әйелдер – 24%. 21-35 жыл жас арасына  сақтандырудың 50% тиесілі. Жалпы сан жағынан алсақ, оның жаңа клиенттері -  50 пайызды құрайды. Ең жас клиент - 21 жаста, ең егде клиент - 72  жаста. Е-полисті  толтырудағы ең  белсенді күндер – дүйсенбі мен бейсенбі, белсенділіктің ең саябырситын күні – сәрсенбі. 
Онлайн-сақтандыру бойынша Алматы мен Астана алда келеді,  интернет-сатылымның жалпы көлемімен алғанда  екі мегаполиске  оның 60 пайызы тиесілі. Одан әрі Алматы облысының, Ақтөбе,Қостанай,Шымкент қалаларының  белсенділігі жақсы. 
Е-полис тек ірі қалаларда ғана рәсімделмейтінін айта кеткен жөн. Оның  ауылды жерлерде тұратын сақтандырушыларының үлесі 12 пайызды құрайды.
 «Коммеск-Өмір» сайтында Е-полисті толтырудан басқа онлайн-реттеу мүмкіндігі де бар. Яғни, келісім-шартты қайта рәсімдеу,шартты бұзу,сақтандыру оқиғасы туралы хабарлама жолдау,келтірілген зақым көлемін анықтау, сақтандыру төлемін алу  үшін электронды пішінде құжаттар жіберу.
 
ДСҰ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САҚТАНДЫРУШЫЛАР  ҮМІТІ
ДСҰ  аясында  Қазақстан  қызметтер нарығын , оның ішінде сақтандыру қызметі нарығын да игеру  бойынша  міндеттемелер қабылдады. Келесі жылы  Қазақстан нарығына  шетелдік сақтандырушылардың кірігуін   күтудің   бес жылдық  кезеңі  аяқталады.  Естеріңізге саламыз, қазақстандық сақтандыру нарығына шетелдік компаниялардың  «кіруі» үшін  мынандай ережелер сақталуы керек: 
– Қазақстанда филиалын ашу үшін  сақтандыру/қайта сақтандыру  ұйымы активтерінің ең төменгі  көлемі 5 млрд. АҚШ доллары болуы керек;
– резидент емес сақтандыру компанияларының филиалдары  сақтандыру қызметін  белгілі бір секторларда (өмірді сақтандыру немесе жалпы сақтандыру) және сақтандыру кластары бойынша көрсете алады. Бұл жағдайда басты мәселе – резидент емес компанияның барлық секторлар мен кластардағы өтілі кем дегенде 10 жыл болуы қатаң ескеріледі; 
– филиал қызметін  кем дегенде Қазақстандық екі резидент басқаруы тиіс; 
– коммерциялық бағдар алу  үшін  акционерлік қоғам құру шарт,ол  ҚР  заңды тұлғасы формасында болуы тиіс.
2018 жылдың соңында Қазақстанның  ДСҰ енуі кезінен бері сақтандыру қызметіне қойылған белгілі бір шектеулердің  үш жылдық мерзімі аяқталды.Теңіз көлігі, коммерциялық авиация, ғарышқа ұшырулар (серіктерді ұшыруды қосқанда) секілді қызметтерге байланысты тәуекелдіктерді,сонымен қатар тауарларды, көліктерді тасымалдау тәуекелдіктерін, оған қатысты жауапкершілік алуды көздеуші сақтандыру келісімшарттарын  Қазақстан Республикасының резиденттері емес-сақтандырушы ұйымдармен жасасуға және орындауға жол берілмек. Демек, 2019 жылы бұл сегменттегі бәсекелестік күшейе түспек. 
 
КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру  қызметтік міндеттерді атқару барысында жіберілетін қателіктер мен олқылықтарға байланысты  үшінші тұлғалар тарапынан болатын  талаптардан  қорғайды. Сақтандырудың бұл түрі  міндетті және ерікті пішінде болады. Міндетті сақтандыру  жауапкершілік лимиті шеңберінде  ерікті сақтандырумен толықтырылуы мүмкін.  Заңды тұлғалар да,жеке тұлғалар да сақтандырыла алады. Сақтандырудың бұл түрі  қаржылық шығындардың орнын толтырумен қатар,кәсіби тұлғаға  ұзақ сот процестері салдарынан болатын абырой-беделге нұқсан келтірмей, наразылықтарды сотқа дейінгі тәртіппен  шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар  кәсіби жауапкершілікті сақтандыру  азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік бағдар үшін де маңызды.        
2019 жылдың 1-ші қаңтарынан  «Коммеск-Өмір» СК»,  сондай-ақ басқа да  бірнеше қазақстандық сақтандырушылар «кәсіби жауапкершілікті сақтандыру» класы қосылатын жаңа лицензияларға ие болды.